Роман Скляр: Ресейлік вирусологтардың деңгейі жоғары

821

"Спутник-5" вакцинасы сынақтың үшінші фазасынан желтоқсанда өтеді.

Роман Скляр: Ресейлік вирусологтардың деңгейі жоғары Фото: primeminister.kz

Ресейдің коронавируске қарсы дайындаған "Спутник-5" вакцинасын қазақстандықтарға екпей тұрып, балалар мен қарт адамдарға, жүкті әйелдер мен бала емізіп жүрген аналарға қолданып, тексеру жасалады. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр осылай деп отыр.

 "Біріншіден, Гамалея атындағы Ресейдің вирусологиялық институты аталмыш вакцинаны бірінші болып тіркегенін атап өткім келеді. Біз Ресей Федерациясындағы вирусологияның, жалпы ғылымның жоғары деңгейін мойындаймыз. Сондықтан 24 тамыз күні Үкіметтік делегация құрамында болып, алдын ала келісімдерге қол қойдық. Ол келісім бойынша Ресей Федерациясы вакцина сынақтың үшінші фазасынан өткеннен кейін Қазақстанға алғашқылардың бірі болып сатуға міндет алып отыр. Қазір сынақтың екі фазасы өтті. Ал желтоқсан айында аяқталатын үшінші фазасында сіз атаған балалар мен жүкті әйелдер, бала емізіп жүрген аналар мен егде адамдар да қамтылады. Тисті сынақтардың бәрі өткеннен кейін ғана сатып алу жөнінде шешім қабылданады. Ал қазіргі келісімді ниеттесу келісімі деуге болады. Бұл бізге вакцина барлық сынақтан өткеннен жағдайда кедергісіз сатып алуға мүмкіндік береді", – деді вице-премьер.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу