Сәдуақас Байғабылов ҚР көліктегі бас дәрігер қызметіне оралды

782

Атыраудағы бас санитарлық дәрігер қызметі әзірге бос тұр.  

Сәдуақас Байғабылов ҚР көліктегі бас дәрігер қызметіне оралды

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып 13 шілде күні тағайындалған Сәдуақас Байғабылов көлік саласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне қайта оралды. Оның мұнайлы аймаққа келудегі бастапқы мақсаты – бұл жақтағы күшейіп тұрған эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырып, қалпына келтіру деп түсіндірілген болатын.

"Атырау облысында кәсіби вирусологтар мен эпидемиологтардың миссиясы аяқталды (Нұр-Сұлтан мен Алматыдан). Аймақта коронавирустық инфекциялар бойынша жағдай тұрақтанды. Бұл жерде үгіт-насихат жұмыстарын және алдын алу шараларын жалғастыру маңызды. Нұр-Сұлтанға оралып, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ретінде жұмысты жалғастырамыз", - деп жазды Байғабыловтың өзі Facebook парақшасында.

Осылайша, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымы тағы да бос қалып тұр. Бұл қызметті тек қана карантин кезінің өзінде Сәдуақас Байғабыловқа дейін Темірбек Мұсағалиев пен Амантай Жұмағұлов атқарған еді.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу