Сақтандыру қорына бір айда 9,3 млрд теңге қаражат аударылды

731

Бұл – өткен 1 айдың өзінде түскен қаражат.

Сақтандыру қорына бір айда 9,3 млрд теңге қаражат аударылды

Еліміздің медициналық сақтандыру қорына 9 млрд 300 млн теңге қаржы аударылған. Бұл – өткен 1 айдың өзінде түскен қаражат.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен барлық ақша сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады. Кейіннен жоба аясында көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

Бір Қарағанды облысының өзінен медициналық сақтандыру қорына 729 млн теңгеден астам қаржы жөнелтіліпті. Оның 1 млн-нан астамын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, фрилансерлер, үй шаруасындағы әйелдер төледі. Қалған ақшаны жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін аударыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу