Сақтандыру төлемін аудармайтындарға медициналық қызмет көрсетіле ме

1621

Заң бойынша елдің барлық жұмыс істейтін тұрғындарының табысынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарна алынуға тиіс.

Сақтандыру төлемін аудармайтындарға медициналық қызмет көрсетіле ме

Төлем аудармағандар да учаскелік терапевтің қабылдауына жазылып, тексерістен өте алады. Сондай-ақ, қауіпті саналатын бірқатар дерт те тегін емделеді. Медициналық сақтандыру қоры жедел медициналық жәрдемнің қызметі де бұрынғыша ақысыз қала беретінін айтады. 

Еске сала кетсек, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс беруші еңбеккерлерінің жалақысының 1%-ын (2022 жылы – 2%-дан) ұстап, Медициналық сақтандыру қорына аудара бастайды. Ұстап қалу шегі – 10 ең төменгі жалақы. Жұмыс беруші жалдамалы персонал үшін 2020-2021 жылдары – 2%, 2022 жылы 3%-бен аударым жасауды жалғастыра береді.

Заң бойынша елдің барлық жұмыс істейтін тұрғындарының табысынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарна алынуға тиіс.

Ал жеке кәсіпкерлерлер, шаруа қожалықтарының иелері және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар (жеке адвокаттар, сот орындаушылары және т.б.) өзі үшін төлейді. 2020 жылдан бастап ай сайын ең төменгі жалақының 1,4 бөлігінен 5% мөлшерлемесі бойынша жарна аударады.

Ең төменгі жалақы 2019 жылы – 42500 теңге

42500 теңге Х 1,4 = 59500 теңге

59500 теңгеден 5%  = 2975 теңге

Айта кетсек, үкімет келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекіткен болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу