Салық органдары өндіріп алуы тиіс резервтер заңнан тыс қалып отыр – Наталья Годунова

373

Республикалық бюджет 2017 жылғымен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайған.

Салық органдары өндіріп алуы тиіс резервтер заңнан тыс қалып отыр  – Наталья Годунова Фото: Жетісу газеті

Бұл туралы ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Төрайымы Наталья Годунова Мәжіліс отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол осы уақытқа дейін бюджетті толықтыруға қатысты барлық резерв іске қосылмағанын жеткізді.

"Бірақ бар және салық органдары өндіріп алуы тиіс резервтер Заңнан тыс қалуда. Бұл көлеңкелі экономика – жыл сайын мемлекеттік бюджетке түсетін 3 трлн теңгеден 4 трлн теңгеге дейінгі салық. Сонымен қатар, осыған ондаған жылдар бойы есепке алынбаған және кейде қаржы бизнесінің гүлденуі үшін қолданылуын жалғастырып жатқан салықтық жеңілдіктерді тағы қосыңыз. Елімізде басқа да жеңілдіктер мен артықшылықтар бар, олардың көлемін ешкім бағаламаған", - деді Жоғары аудиторлық палатасының Төрайымы.

Наталья Годунованың сөзінше, Жоғары аудиторлық палатаның аудиті 64 салықтық жеңілдікті Ұлттық экономика министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті ескермегенін анықтаған. Спикер бұл тек 4 жылдағы бюджет шығыны шамамен 10 трлн теңгені құрады деп отыр.

"Салдарынан созылмалы бюджет тапшылығы орын алды. Яғни, көрпеңе қарай көсіліп емес, қарызға өмір сүресің. Бұл ретте үкіметтік борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар бюджеттің таза кірістерінің 25%-ын немесе 2,9 трлн теңгені құрайды. Өйткені бюджетті жоспарлау кезінде борышты басқаруға талдау жүргізілмейді, оларды өтеу көздері есептелмейді. Мемлекеттік борыш құрамында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы есепке алынбайды. Ал, бұл 19,7 трлн теңге", - деді ол.

Спикер квазимемлекеттік сектор субъектісі борышын төлей алмаса, бұл мемлекеттік бюджетке салмақ болып түсетінін баса айтты. Себебі көптеген қарыз мемлекеттік кепілдіктермен тартылады.

Жоғары аудиторлық палата биыл мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізуді жоспарлап отыр. 

Еске салайық, осыған дейін Жоғары аудиторлық палата министрліктердің даму жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларын сынға алғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу