"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 38,6 млрд теңге аударды

726

Ұлттық қордың қаражаты мерзімінен бұрын төленген міндеттеме есебінен толықтырылды.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 38,6 млрд теңге аударды

Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар  жөніндегі департаменті  акционерлік қоғам есебінен ұлттық қорға 38,6 млрд теңге жіберілгенін хабарлады.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 38,6 млрд теңге жіберді", - деп жазылған ресми мәліметте. 

Еске салсақ, 24 маусымда елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, "Самұрық-Қазына" басшылығы 50 млрд теңгені мерзімінен бұрын жіберу туралы шешім қабылдаған болатын. 

Ал оған дейін 2 маусымда  компанияның басқару кеңесінің отырысында Ұлттық холдингтің 2020 жылдың соңына дейін Ұлттық қорға 100 миллиард теңге жіберетіндігі туралы мәлім болған еді. Бастама Кеңес төрағасы – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан қолдау тапқан болатын.

"Қор басшылығының уақытылы қабылдаған шешімдерін оң бағалаймын және қолдаймын. Олар өздерінің тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдауға Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлді. Алайда, бұл жағдайда "Самұрық-Қазына", керісінше, Ұлттық қорға 100 миллиард теңге жібереді", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

"Самұрық-Қазына" қорының басшылығы елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, қаражаттың бірінші бөлігін Ұлттық қорға мерзімінен бұрын жіберуді ұйғарды. Қалған соманы "Самұрық-Қазына" биылғы жылдың соңына дейін жіберуді жоспарлап отыр",– деп жазылған таралған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу