Сарапшы картоп қашан арзандайтынын айтты

940

Картоп – маусымдық өнім. Оның бағасы күзде төмендейді. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰКП сайтына сілтеме жасап.

Сарапшы картоп қашан арзандайтынын айтты

Алдымен ол нарықта картоптың неге қымбаттағанын түсіндірді. 

"Қазір сатылып жатқан картоп былтыр егіннен қалған, ал биылғы өнім аз болғасын сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Сондай-ақ картоп тасымалдау шығындарынан соң тағы қымбаттады. Мысалы, Түркістан облысындағы шаруалардан бір келі картопты 200-210 теңгеден алуға болады, ал нарықтағы бөлшек сатылымда баға жоғары болатыны түсінікті", - деді Ербол Есенеев.

Оның айтуынша, картоп күзде арзандайды.

"Өнім көбейген сайын баға да төмендейді, ең төмен баға күзде болады", - деді директор.

Ербол Есенеев бүгінде елімізде 4 млн картоп өндірілетінін, бұл нарықтағы сұранысты толық қанағаттандыратынын атап өтті. Сонымен қатар ол алдағы уақытта азық-түлік қымбаттауы мүмкін екенін айтты.

"Мысалы, ет бағасы. Қазақстанның көптеген өңірінде жемшөптің жағдайы мәз емес. Маусымда шаруалар құрғақ және сулы жемшөптің бір жылдық қорын дайындауы керек. Сондай-ақ жағдай жыл сайын қиындап келеді. Еліміздің оңтүстігінде жемшөптің бағасы бірнеше есе өсті", - деді сарапшы.

Департамент директоры өткен жылы Жамбыл облысында ншөп (18-20 келі) бағасы 400-500 теңге болғаны, биыл 1000-1200 теңгеге көтерілгенін жеткізді. Су тапшылығы, техниканың қымбат болуы өнім бағасына да әсер еткен.

"Жемшөп аз болса, шаруалар малды күзде жаппай сатады. Себебі,оны қыста бағу тиімсіз. Мал аз болған соң ет пен сүт қымбаттауы мүмкін", - деп түсіндірді Ербол Есенеев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу