SEMA 2020 пандемия үшін өтпейді

628

Америкалық автофестиваль онлайн-форматта өтуі мүмкін.

SEMA 2020 пандемия үшін өтпейді

Авто-шоу өткізетін ұйымдастырушыларға биылғы жыл катастрофа болды: Бейжің, Женева, Нью-Йорк, Мәскеу, Пеббл-Бич және басқа көптеген көрмелер өтпей қалды. 

Мотор-шоулардың кейбірі 2021 жылдың аяғына шегерілген. Автосүйер қауымның үміті - SEMA 2020 тюнинг-шоуын көру еді. Қарашаға белгіленген авто көрме де өтпейтіні туралы кеше хабарланды.

SEMA - америкалық көліктердің дәстүрлі тюнинг фестивалі.

Сатылып кеткен билеттер құны мен депозиттер апта соңына дейін қайтарылады. Ұйымдастырушылар SEMA 2020-ны онлайн-форматта өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу