"Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" ҚР Заңының жобасы бойынша Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин баяндама жасады.
"Заң жобасы радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету, бұрынғы ядролық полигонның жерлерін пайдалану және оның аумағын оңалту мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағы және оған іргелес жатқан Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жерлерін құруды көздейді", – деп атап өтті депутат.
Депутаттар заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында:
- кешенді экологиялық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде радиоэкологиялық жағдайға сапалы және дәйекті талдауды қамтамасыз ету қауіпсіздігі қағидатын қамтитын Семей ядролық қауіпсіздік аймағы қызметін заңнамалық реттеу қағидаттарын белгілеуге;
- мемлекеттік органдардың Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі саласындағы құзыретін нақтылауға;
- уәкілетті органның Семей ядролық қауіпсіздік аймағының паспортын тіркеуге арналған құзыретін нақтылауға, ядролық қаруды сынау жүргізілген жер учаскелеріне кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізу әдістемесін әзірлеу мен бекітуге бағытталған түзетулерді енгізді.
Бірқатар жаңа ұсыныстар уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар қатарынан Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымды белгілеу тәртібін нақтылауға бағытталған.
Депутаттар ілеспе заң жобасымен жұмыс барысында:
- қордағы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру тәртібін нақтылауға;
- ядролық қауіпсіздік аймағы жерлерінде жер пайдалану құқығына қатысты мәмілелер жасасуға тыйым салуды белгілеуге бағытталған түзетулерді енгізді.
Заң жобасын қарау барысында салық, жер және экологиялық заңнамаға сәйкес арнайы құқықтық режимді белгілеу мақсатымен депутаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске (Салық кодексі) тиісті түзетулер енгізді.
Кәсіпкерлік кодекске мемлекеттік монополия және арнайы құқық субъектілері қатарынан Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымды алып тастауға бағытталған ұсыныстар енгізілді.
Сондай-ақ, Экологиялық кодекске құрылыс-монтаждау жұмыстары мен қалпына келтіру және жою жұмыстарына арналған эмиссиялар нормативтерін есептеу және негіздеу бойынша нақтылайтын нормалар енгізілді. Кәбіл-өткізгіш өніміне кәдеге жарату алымын өндіріп алуды жоюға бағытталған тиісті түзетулер енгізілді.
"Заң жобасының таныстырылымы өткізілді. Жұмыс тобына 150-ден астам түзетулер түсіп, олар жұмыс тобының он бір отырысында және мүдделі министрліктер, ведомстволар және "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдерінің қатысуымен Комитеттің екі кеңейтілген отырысында қаралды. Қорытынды салыстырма кестедегі барлық түзетулер қабылданды. Парламент Мәжілісінің комитеттері осы заң жобаларын қолдау жөніндегі қорытындыларын берді", – деді депутат.