Семейде перзентханалар біріктірілді

1005

Семейде перзентханалар біріктірілді

Семейде №3 перзентхана жабылып, №2 перзентхана перинаталдық орталыққа біріктірілді. Бұл туралы жаңадан құрылған мекеменің директоры Архат Дайырбековтың мәліметіне сүйеніп,  24.kz хабарлады.

Мекеме директорының айтуынша, оңтайландыруға бірнеше себеп болған. Соңғы жылдары бала туу көрсеткіші төмендеп, қаржы тапшылығы сезіле бастаған. Мамандар жетіспеушілігі тағы бар дейді орталық жетекшісі. Алайда бұл өзгерістердің тұрғындарға қолайсыздық туғызбайтыны, керісінше медициналық қызмет сапасының жақсаратыны айтылды.

"Бірінші корпус ол орталықтағы 100 төсекке арналған. Ол жақта 3-деңгейлі көмек көрсетіледі. Яғни барлық асқынуы бар әйелдер, уақытынан бұрын туған нәрестелер сонда жатады. Екінші корпуста екінші деңгейлі, онда Семей өңірі бойынша барлық қалыпты өтетін босанулар болады", – перинаталдық орталық директоры Архат Дайырбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу