Сенат Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы құжатты ратификациялайтын болады

548

Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды.  

Сенат Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы құжатты ратификациялайтын болады

Кеңейтілген отырыста "1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасы талқыланды, деп хабарлайды жоғары палатаның баспасөз қызметі.

Хаттама Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғаудың Еуразиялық тетігін нығайтуға және кеңейтуге, барлық қатысушылардың аумағында қолданылатын бірыңғай Еуразиялық патент негізінде өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың мемлекетаралық жүйесін құруға және сауда мен инвестициялық қызметті дамыту үшін олардың аумақтарының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Хаттамада уағдаласушы мемлекеттердің (Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Түрікменстан) өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау саласындағы 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенциядағы Еуразиялық патенттік ұйымның функцияларын кеңейту көзделіп отыр.

"Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің өнеркәсіптік үлгідегі патентін Еуразиялық патенттеу жүйесіне қатысушы сегіз мемлекетте қолдануға болады. Өнеркәсіптік үлгіге Еуразиялық патенттің қолданылу мерзімі 5 жыл, ол осы патент иесінің өтінішхаты бойынша әрбір ретте тағы бес жылға ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте мұндай патенттің қолданылу мерзімі өнеркәсіптік үлгіге өтінім берілген күннен бастап 25 жылдан аспауға тиіс", – деді депутат Владимир Волков.

Сенат депутаты сондай-ақ халықаралық патенттеу кезінде әрбір мемлекетте жекелеген өтінімдер беру және баж салығын төлеу қажеттігі елеулі әкімшілік кедергі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық өтінім берушілер үшін өңірлік жүйенің артықшылығы сегіз мемлекеттің аумағында өнеркәсіптік үлгілерге авторлық, басымдық және айрықша құқық алу үшін Еуразиялық патенттік ұйымға жүгіну мүмкіндігі болып табылады.

Бірыңғай Еуразиялық патент патенттеуге жұмсалатын шығындар мен мерзімдерді қысқартып қана қоймай, нарықтық қатынастарды тиімді дамытуға және халықаралық экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу