Сенат төрағасы Қытайдың сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен кездесті

118

Қазақстан парламенттік делегациясының сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен және Қытайда білім алып жатқан Қазақстан студенттерімен кездесуінде ынтымақтастықтың жаңа форматы мен тетіктері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенат төрағасы Қытайдың сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен кездесті Фото: Сенат

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жасампаз ынтымақтастық және екі елдің мүдделерін өзара құрметтеу бірлескен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, маңызды мәселелердің шешімін табуға ықпал етеді. 

– Соңғы жылдарда Қазақстан өзекті жаһандық және өңірлік проблемаларды жеңілдетіп, оларды шешу үшін сындарлы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық саясатын белсенді ілгерілетіп келеді. Қазақстан өзінің сыртқы саяси қағидаларына, нақты айтқанда, көпвекторлыққа, прагматизмге, басқа елдердің мүдделерін құрметтеуге және халықаралық проблемаларды шешудің сындарлы жолдарын іздеуге адал болып қала береді. Мұндай теңгерімді ұстаным біздің елімізге жаһандық сын-қатерлерге бейімделіп қана қоймай, жаңа әлемдік тәртіп қалыптастыру ісіне үлес қосуға мүмкіндік береді. Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі жасампаз ынтымақтастық саясатын да дәйекті түрде дәріптеп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тығыз өңірлік кооперацияны нығайтудың маңызды екенін бірнеше рет атап өтті. Мұндай қадам өңірдің дамуына жағдай жасап қана қоймай, бүкіл Орталық Азияның халықаралық қатынастардағы субъективтілігін арттыруға ықпал етеді, – деді Сенат Төрағасы.

Фудан университеті халықаралық зерттеулер институтының профессоры Чжао Хуашэн Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика ретінде Қытайдың негізгі сауда серіктесі екенін атап өтті. Бұл Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының маңызын және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың тікелей және әлеуетті мүмкіндіктерін көрсетеді.

– Екі елдің экономикасы бір-бірін толықтырады. Қазіргі уақытта біз IT және цифрлық экономика, индустриялық жаңғырту және басқа да жоғары технологиялық салаларда ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Бұл енді тек дәстүрлі сауда емес, Қазақстан экономикасы жаһандық трендтерге ілесіп келеді, – деп қосты қытайлық сарапшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу