Сенат "Пробация туралы" заңды қабылдады

1182

Сенат "Пробация туралы" заңды қабылдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Пробация туралы" заң  қабылданды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, заң жобасы пробацияның қолдану аясын кеңейтеді.

Министр мәлім еткендей, 2012 жылдан бері Қазақстанда пробация шартты түрде бас бостандығынан айырылғандарға қатысты қолданылып келеді. Ал жаңа Қылмыстық-атқару кодексінде пробацияға ілінетін адамдардың қатары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандармен, сот әкімшілік бақылау орнатқан сотталушылармен толыққан.

Қылмыстық кодекстің 44-бабы бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық жауапкершілікке теңеген және де осындай жазаға кесілген адамдарды бір жылдан жеті жыл уақытқа дейін бейімдеу керектігі жазылған. Осылайша, қазір Қазақстанда пробацияның екі түрі бар. Бірі - сотқа дейінгі және абақтыдағы пробация.

"Сотқа дейінгі пробация аясында күдікті адамға әлеуметтік-құқықтық көмек беріледі деген сөз. Пробацияның бұл түрі кәмелеттік жасқа толмағандарға, мүгедектерге, 58 жастағы және одан үлкен әйелдерге, жүкті әйелдерге, 3 жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, 63 жастағы және одан үлкен ер адамдарға, 3 жасқа толмаған балаларын жалғыз асырап отырған әкелерге қатысты қолданылады",- деп түсіндірді Қасымов.

Ал абақтыдағы бейімдеу шараларын пробация қызметімен бірге қылмыстық-атқару жүйе мекемелерінің әкімшілігі бірге дайындайды. Ішкі істер министрінің хабарлауынша, абақтыдағы пробацияға бостандыққа шығуға бір жыл уақыты қалған сотталушылар ілінеді. Қазіргі жүйеге сәйкес, абақтыдағы бейімдеу бостандыққа шығуға жарты жыл уақыт қалғанда басталады екен.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу