Сенімді жоғалтқан шенеуніктер жұмыстан қуылады

1347

Президенттің сенімін жоғалтқан шенеуніктер жұмыстан қуылады. 

Сенімді жоғалтқан шенеуніктер жұмыстан қуылады Фото: КТК

Мемлекеттік қызмет туралы заңға осындай жаңашылдық енгізілді. Бұл норма Тоқаев тікелей тағайындайтын жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты қолданылады. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметке келісім шарт бойынша білікті мамандарды тарту, ал бір өңірден екінші өңірге ауысқан шенділер үшін ротациялық төлем енгізу көзделген. 

Лондонда видео түсіріп, басы дауға қалған Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жастарға "Қазақстанда жұмыс істеп, шетелде демалыңдар" деп кеңес берген шенеунікті Тоқаев "өзіне берілген сенім кредитін тауысты" деген себеппен жұмыстан қуған еді. Алайда, көп кешікпей ол мәдениет және спорт вице-министрі болып оралды. Ұзын сөздің қысқасы, жай ғана отставкаға жіберсе, шенеунік ертең басқа қызметке тағайындалуы мүмкін. Ал Президентітң сенімін жоғалтқандар енді үш жыл бойы мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды. Осылайша заңда "сенімді жоғалту" деген жаңа ұғым пайда болды.

Заңгер Әбдікерім Ақжановтың көңілінен шыққан тағы бір жаңашылдық бар. Ол мемлекеттік қызметке келісім шарт арқылы мамандарды тарту. Бұл биліктің жобаларын іске асыру кезінде білімі бар, нағыз кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік бермек. Бұл мамандар келісім Олар мемлекеттік қызметші болып есептелмейді, тек шарт бойынша көп дегенде бір жыл жұмыс істеп, шаруасын тындырғасын кетеді.  

Бұл норма мемлекеттік аппараттың тиімсіздігін көрсетеді. Өйткені, Қазақстанда кім көп шенеунік көп. Елімізде 90 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Яғни 1 шенеунікке 175 адамнан келеді. 2016 жылдан бастап олдары ротациялай бастады. Қарапайым тілмей атқанда, әкімдерді бір облыстан екіншісіне ауыстыру практикасы енгізілді. Тәп-тәуір жалақы алып жатқаны аздай, енді оларға қосымша ротациялық төлем де берілмек. 

"Қолданыстағы заңға сәйкес өзге өңірлерге ротацияланатын қызметшіге  уақытша үй берілу тиіс. Алайда қызметтік пәтерлер жетіспегендіктен, ротацияланған қызметшілер өз қаражатына үй жалдауға мәжбүр. Бұл көптеген қызметшілердің ротациядан бас тартуына алып келуде. Ротациялық төлемді енгізу осы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған", дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.

Ротациялық төлемді енгізу үшін республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып та қойыпты. Бірақ, сомасы белгісіз. Осы орайда бұл басы артық шығынның не қажеті бар деген сұрақ туындайды. Оның үстіне ауысып келген әкімнің қаланың шетінен арзан пәтер жалдамайтыны айдан анық. Әрине, орталықтан, қымбат баспана алады. Ал респбуликалық бюджеттегі ақша тапшы екенін ескерсек, жаңа ротациялық төлемдердің қазынаға қосымша салмақ түсірері анық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу