Сергей Архиповтың отбасына Үкіметтен материалдық көмек беріледі - министр

454

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты.

Сергей Архиповтың отбасына Үкіметтен материалдық көмек беріледі - министр Фото: Ашық дереккөзден

Журналистер Үкімет кулуарында "Сергей Архипов қызметтік міндеттерін орындау барысында қайтыс болғандардың санатына кіргізіле ме?" деп сұрады. 

"Үкіметтен материалдық көмек алу бөлігінде қаза тапқан 14 орманшының қатарына қосылды. Сонымен қатар қазір оның қаза болуына қатысты ІІМ тергеу жүргізетін болады. Себебі ол (ред. - Сергей Архипов ) өрт сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылған. Мұның мән-жайын Ішкі істер министрлігі толыққанды анықтайды деген ойдамын", - деп жауап берді Зүлфия Сүлейменова.

Еске салайық, осыған дейін Абай облысында өртте жоғалып кеткен тракторшының денесі табылғанын жазған болатынбыз. Бас прокуратура көз жұмған тракторшының өрт құрбаны болып есептелмейтінін мәлімдеді. Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сергей Архиповтың орман өртін сөндіру кезінде қаза тапқандардың қатарына енгізу не енгізбеу мәселесін үкіметтік комиссия шешетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу