ІІМ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шығармашылық конкурс жариялап отыр. Министрлік осы арқылы ел арасында полиция өкілдерінің имиджін көтермекші.
"Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, жазушыларға, құқық қорғау құрылымдарының ардагерлеріне және барлық шығармашылық ортаға пайдалы болатын бір ақпарат. Ішкі істер министрлігі Қазақстан тарихында алғаш рет "Серт" республикалық детективтік шығармалар конкурсын ұйымдастыруды қолға алды. Конкурс Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты – халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді арттыру, ІІМ органдарының қызметкерлерін отанға қалтқысыз қызмет етуге, ант пен қызметтік парызға адал болуға тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету. Конкурс ережелерін ІІМ-нің ресми парақшасынан, әлеуметтік желілерде және Policia.kz сайты мен өңірлік департамент беттерінен таба аласыздар. Байқау қорытындысын елімізге танымал ақын-жазушылар, сыншылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер және ішкі істер органдарының ардагерлері шығаратын болады", – деді министрдің кеңесшісі.
Есжан Ботақара