Шетелдік инвесторлар Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы мүмкін

498

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Harmony Capital Strategy AMC, Citius Capital AG, Torkam Holding және Marsel Group компанияларының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шетелдік инвесторлар Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы мүмкін Фото: primeminister.kz

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен тұрғын үй және медициналық мекемелер құрылысы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, көлік инфрақұрылымын жақсарту және т.б. салалардағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Әлихан Смайылов Үкімет елдегі іскерлік климатты жетілдіруге үлкен көңіл бөліп отырғанын және жаңа инвестициялық бастамаларға ашық екенін атап өтті.

"Біз сіздердің Қазақстанда жобаларды жүзеге асыру бойынша ниеттеріңіз бен бастамаларыңызды құптаймыз", – деді Премьер-министр.

Өз кезегінде делегация басшысы, Harmony Capital Strategy AMC негізін қалаушы және Citius Capital AG бас директоры Каспар Вонлич жоспарланған жобалар бойынша қазірдің өзінде бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

"Біз жұмыс кездесулерін өткіздік, бірнеше рет аймақтарға бардық және Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша зор әлеует бар деп санаймыз", – деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға инвесторлармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін көтерілген барлық мәселелерді зерделеп, пысықтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу