Үржарға жаңа басшы келді. Бұл туралы өңір әкімі Даниал Ахметов хабарлады.
"Бүгін Үржар ауданы әкімінің лауазымына менің өкіміммен Нұржан Тоқсейітов тағайындалды.
Оның мемлекеттік басқару қызметінде тәжірибесі зор. Бесқарағай және Алтай аудандарын табысты басқарды",– деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Даниал Ахметовтың айтуынша, бұл ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары, алдағы бес жылда нақты бағдарламалар іске асырылмақ.
"Жаңа әкімге, әсіресе, аграрлық секторды дамыту жұмысын күшейтуді тапсырдым",– делінген әкім хабарламасында.
⠀
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу