Швейцария Қазақстанның ең ірі 20 инвесторының бірі

777

Бұл туралы Швейцарияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид айтты.  

Швейцария Қазақстанның ең ірі 20 инвесторының бірі

FrankofonıNaýryzy 2020 аясында елордада Швейцарияның "Әйелдер мен пойыздар" фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ, сағат мен шоколад елінен артистер мен жазушылар да келуді жоспарлап отыр.

Швейцарияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид мырза да еліміз бен франкофон елдері арасындағы экономикалық қарым-қатынастарға тоқталды.

"Франкофон елдері Қазақстанның ең ірі серіктесі. Швейцария мен Қазақстан арасында өте тығыз экономикалық ынтымақтастық орнаған. Біз Қазақстанның ең ірі 20 инвестор елінің біріміз. Швейцариялық ірі кәсіпорындар ашылып, көп адамға жұмыс орнын ұсынып отыр. Сондай-ақ, біз Қазақстанның маңызды сауда серіктесіміз. Мысалы, Швейцария Қазақстан мұнайының ірі тұтынушысы. Елде сатылатын үш литр бензиннің бір литрі Қазақстан мұнайынан жасалған. Дәрі-дәрмек өндірісі, білім беру саласында да тығыз байланысымыз бар", – деді Урс Шмид.

Франкофония мерекесі аясында байқаулар, франкофони жәрмеңкесі секілді мерекелік шаралар өтеді.

Нұржан Көшкін

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу