Шығыс Қазақстан инновациялық белсенді өңір болып танылды

1955

Шығыс Қазақстан инновациялық белсенді өңір болып танылды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өткізген ұлттық инновациялық байқау қорытындылары бойынша, Шығыс Қазақстан "Инновациялық белсенді өңір" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

ШҚО Ақпарат орталығы атап өткендей, инновациялар байқауы Қазақстанда 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді. Содан бері оған еліміздің барлық өңірлерінен 5000-нан астам инноватор қатысқан. 2016 жылы алғаш рет әр түрлі номинация түрлері бойынша үздік жобалар анықталды. "Инновациялық белсенді өңір" номинациясы Шығыс Қазақстанға берілді, онда инновациялық кәсіпорындардың ең көп саны жұмыс істейді. 

"Инновациялық белсенді өңір" номинациясы жобаға өңірлер ішінде бәсекелестік жасау, сондай-ақ инновациялық әлеуетті дамыту және ҚР инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мақсатында қосылған болатын.

Бұдан бөлек, байқау жеңімпаздары мен сыйлық иелеріне "Орта мектептер оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба", "Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба" сияқты номинациялар да берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу