Ұлан ауданы Бозанбай ауылында өтетін "Шығыс салбұрыны-2022" сайысына бес елден 30 бүркітші қатыспақ. Мұнда тек саятшылық ғана емес, бүркіт ұшырып, ит жүгіртіп, асау үйретіп, жарысқа түседі.
Ұлттық спорт додасына Қазақстан, Моңғолия Халық Республикасы, Қырғызстан, Венгрия және Ресейден 30 бүркітші қатысады. Бұдан бөлек, 35 қазақы құмай тазы сайысқа түседі. Иттер бір шақырымға жүгіріп жарысады. Сайыс 8 қараша күні өтеді, - деп хабарлады аудан әкімдігі.
Шараның мақсаты – ұлттық спортты ұлықтап, туризмды дамыту. Бүркітшілер сайысы Ұлан жерінде осымен екінші рет өткізілгелі тұр.
"Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға" дегендей бүгін шығысқа қырбақ қар түсті. Бұл аңшылыққа әуес құсбегілер үшін таптырмас мүмкіндік.