Шығыс Қазақстанда шаруа қожалықтарын су басу қаупі төнді

1042

Шығыс Қазақстанда шаруа қожалықтарын су басу қаупі төнді

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округіндегі "Жайдақ" учаскесінде Мұжық өзеніндегі су арнасы қатып, су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан "Қарақұм" және "Немерелі" шаруа қожалықтарын су басу қаупі туындады, деп хабарлайды өңірдің ТЖ департаментіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА

Зайсан ауданының ТЖ бөлімшесі, "Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы" және "Зайсан аудандық Қазселқорғау" күштері мен құралдары жедел дайындыққа келтірілді. Аудандық ТЖ комиссиясының жедел шешімімен адамдар мен шаруашылыққа тиесілі мал бірнеше сағатта жақын қыстауларға көшірілді. Адамдар мен 500-ге жуық ірі қара және ұсақ мал 5-6 шақырым жердегі көршілес қыстауларға жедел көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Өзендегі су деңгейі тұрақты түрде бақылануда", – деп атап өтті облыстық ТЖ департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу