Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алудан 30 мыңнан астам отбасы үмітті. Құжаттарды қабылдау басталған күнен бастап, олардың 1500-і құжат тапсырған, деп хабарлайды otyrar.kz.
Мамандар ай соңына дейін құжат тапсырушыларды толық қамтимыз деп отыр. Ол үшін қазір АӘК құжат қабылдау бөлімдерінде барлық жағдай қарастырылған. 80-ге жуық ерікті келушілерге жол сілтеп, кімге қалай жолығу керектігін көрсетіп жүр.
Еске сала кетейік, мемлекеттік жәрдемақы нағыз мұқтаж жандарға беріледі. Өйткені, өткен жылы бұл көмекті әл-ауқатты отбасылар да алғандығы белгілі болған. Яғни, 271 жанұяға ақшасын қайтару жөнінде хабарлама жіберілген.
Биыл бұл олқылық қайталанбас үшін, жаңа бағыттағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін комиссия мүшелерінің құрамы күшейтілген.