Шымкентте адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші полицияға өзі келді

1118

Шымкентте адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші полицияға өзі келді

Шымкентте адам қаққан көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпек болды. Бұл туралы ішкі істер департаментінің өкілдерінің мәліметіне сүйеніп otyrar.kz жазып отыр.

Түнгі сағат 22 шамасында Темірлан тасжолының бойында БМВ көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жас қызды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан жарақат алған 19 жастағы қыз жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Қыздың жағдайы қазір бірқалыпты дейді дәрігерлер. Ал көлік тізгінінде болған  Отырар ауданының 22 жастағы тұрғыны оқиға орнынан қашып кетіп, бірақ, жауапкершіліктен қорыққанынан қайтып келіпті. Қазір оның үстінен іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу