"СК-Фармация" басшысы бағаның қымбаттауына не әсер ететін айтты

1105

Дистрибьютор Ресей мен еліміздегі дәрі-дәрмек бағасының қалыптасу жолын салыстырды.

"СК-Фармация" басшысы бағаның қымбаттауына не әсер ететін айтты

Дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды сатып алу, сақтау, сату және мемлекеттік медициналық ұйымдарға жеткізіп берумен айналысатын бірыңғай дистрибьютор "СК-Фармация" компаниясының басшысы Берік Шәріп "елімізге Еуропадан келетін дәрі-дәрмектің бағасы Ресеймен салыстырғанда қымбат" деген пікірге жауап берді.

"Жалпы көптеген дәрі-дәрмекті біз Ресейге қарағанда арзанға сатып аламыз. Дегенмен Ресейде жекелеген дәрі-дәрмек арзанырақ болуы да ғажап емес. Ол фармацевтикалық компаниялардың баға саясатына байланысты деп ойлаймын. Сондай-ақ, Ресей нарқының үлкен болуына байланысты кейбір препаратты арзанырақ сатып алуға мүмкіндігі бар. Бізде 18 млн, көрші елде 150 млн адам өмір сүреді. Дәрі-дәрмекті көп мөлшерде сатып алушыларға, өндірушілер бағаны түсіріп беретіні белгілі. Тауарды жеткізу кезінде де Ресейдің Еуропа елдеріне жақын орналасуы бағаға аздап әсер етеді. Негізінен баға сатып алушы мен сатушының келісіміне байланысты", – деп түсіндірді Берік Шәріп.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу