"СК-Фармация" ЖШС жаңа басшысы тағайындалды
Компанияның бұрынғы басшысы Берік Шәріп қызметінен жұма күні босатылды.
>
ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі Ерхат Есқалиевтің "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын хабарлаған болатын.
"СК-Фармация" ЖШС жаңа басшысы Атырау облысы әкімдігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Қаржы министрлігінің, "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеді. Соңғы уақытқа дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік логистикасы қосалқы комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК Фармация" ЖШС басшыларын қызметінен босатуды тапсырғаннан кейін, бірыңғай дистрибьютор компанияның бұрынғы басшысы Берік Шәріп қызметтен кетті.
Inbusiness.kz ақпарат агенттігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Ерхат Есқалиев атқаратын Көлік логистикасы қосалқы комитетінің төрағасы лауазымы қандай функциялар атқаратынын түсіндіруін сұраған еді.
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан төмендегідей жауап келді.
"Ерхат Есқалиев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Логистика және тасымалдау комитеті жанындағы Көлік логистикасы қосалқы комитетінің төрағасы. Бұл комитетке 13 мүше, соның ішінде жеке компаниялардың жетекшілері мен өкілдері, қауымдастықтар, "Қорғас" Шығыс қақпасы" АЭА", "ҚИДИ" АҚ өкілдері кіреді – олардың барлығы нарық қатысушылары мен сала сарапшылары. Логистика және тасымалдау комитетінің құрылымында көлік логистикасы қосалқы комитетін қоса алғанда барлығы бес қосалқы комитет бар.
Логистика және тасымалдау комитеті көлік, логистика және байланыс салаларындағы мәселелерді шешу үшін бизнес-қоғамдастықтың бизнес органдарымен тиімді өзара әрекеттесуі мақсатында құрылған. Комитет жұмысының маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанның заманауи көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның ғаламдық көліктік-коммуникациялық жүйеге кіруін және транзиттік әлеуетті іске асыруды қамтамасыз етуде мемлекет пен бизнеске ықпалдасу.
Ерхат Серікұлы штаттық қызметкер емес, өйткені қосалқы комитет – бұл кеңес беру-ақылдасу органы, ондағы қызмет аталған қосалқы саланың дамуына бағытталған қоғамдық жүктеме. Қосалқы комитеттер, комитеттер мүшелерінің қызметі құжаттарды қарау, саланы дамыту жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді қарастырады. Кеңес беру-ақылдасу орган мүшелері "Атамекен" ҰКП өкілдік етпейді әрі өздерінің негізгі жұмысын "Атамекен" ҰКП-мен мақұлдамайды".
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу