Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ облыстық филиалының басшысы А. Жанкинді пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлады мемлекеттік қызмет істер және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
4 млн теңге мөлшеріндегі заңсыз сыйақыны ол Ұлттық қордың есебінен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялауды жүргізіп жатқан мердігер ұйымға қамқорлық жасау үшін алған.
Жанкин Петропавл қаласы ІІБ УҰА қамалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу