Смартфоннан келер қауіп қандай?

580

Шығыс Қазақстанда көру мен есту қабілеті нашарлаған балалардың саны артып келеді.

Смартфоннан келер қауіп қандай? Фото: google

Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер арасында көру мен есту қабілеті нашарлаған балалардың саны артып келеді. Мамандар бұған смартфон мен компьютерлердің кесірі тиіп жатқанын айтуда, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Бүгінде бүлдіршіндердің смартфонға шамадан тыс телміретіндігі айтпаса да түсінікті. Тіпті кейбір ата-аналар құлағының тыныштығын ойлап, баласына алданыш ретінде телефонын ұстатып жатады. Ал оның баланың денсаулығына қаншалықты зиян екенімен ешкімнің шаруасы жоқ. 

Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтай басқармасы өңірде көру мен есту қабілеті әлсіреген балалардың саны артып келе жатқанын айтып дабыл қақты. 

Ресми деректерге сүйенсек, 2022 жылы облыс орталығында 0-9 сыныпта оқитын 27 709 бала профилактикалық медициналық тексеруден өткен. Тексеру қорытындысын 2018 жылмен салыстырғанда көру және есту қабілетін нашар, омыртқасында ақауы бар және сколиоз диагнозы қойылған балалар саны артқаны байқалады.

- Атап айтсақ, 2022 жылы 1117 баланың көру қабілетін нашарлаған, ал 2018 жылы 303 бала тіркелген. Ал, 2018 жылы есту қабілетін нашар 30-ға жуық бала тіркелсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 213-ке өскен. Сондай-ақ омыртқасында ақауы бар 131 бала тіркеліп, сколиоз диагнозы 108 балаға қойылды, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар балалардың күн тәртібінің бұзылуы, гаджеттерді, смартфон мен компьютерлерді шектеусіз пайдалану, қозғалыс белсенділігінің төмендеуі мен таза ауаның жеткіліксіздігі, құлаққаптар мен дұрыс тамақтанбаудың салдарынан пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу