"#SmartJastar" талантты жастардың басын қосты

676

Лагерь аясында жоғары деңгейдегі сарапшы, тәлімгерлердің қатысуларымен  көптеген семинар-тренинг, шеберлік сыныптары өткізілді. 

"#SmartJastar" талантты жастардың басын қосты

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша "Студенттер футбол лигасы" қоғамдық қоры Алматы қаласының белсенді, талантты жастарына және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан жастарға арналған "#SmartJastar" атты жастар лагерін ұйымдастырды.

"#SmartJastar" лагерінің мақсаты – болашағы зор және талантты жастарды қолдау, үлкен шығармашылық әлеуетті дамыту және жас ұрпақтың кәсіби дамуы үшін барлық жағдайларды жасау. Сонымен қатар жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және дамыту.

Лагерь аясында жастардың ораторлық, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру үшін жоғары деңгейдегі спикер, тренерлердің қатысуларымен көптеген семинар-тренинг, шеберлік сыныптары өткізілді. Сонымен қатар, өз-өздеріне сенімділігін, батылдықтарын арттыру мақсатында жастар тимбилдингтерге, квест ойындарына, және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ұйымдастырылған спорттық шараларға белсене қатысты. Сондай-ақ, қосымша мотивация алуы үшін, жастар мен мәдениет және спорт саласында үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу