Солтүстік Қазақстанда жер учаскелері тартып алынуда

541

Жерді пайдаланбағандар 10 еселенген салық төлейді.

Солтүстік Қазақстанда жер учаскелері тартып алынуда

Солтүстік Қазақстан облыстық жер инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Ирина Микотинаның айтуынша, жер учаскесін пайдаланбау оны жалға алған субъектің өзі үшін тиімсіз.

"Себебі, ол жер учаскесін пайдаланса да, пайдаланбаса да иелегінде тұрғаны үшін бәрібір салық төлейді. Ал жер учаскесін пайдаланбайтындарға салынатын салық көлемі әдеттегіден 10 есе жоғары. Бұл бір. Екіншіден, субъект жер учаскесін пайдаланбағандықтан, одан ешқандай пайда көрмейді де. Бірақ, мұны жете түсінетіндер аз", – дейді Ирина Микотина.

Деректерге сүйенсек, былтыр жалпы аумағы 7,5 мың гектар болатын 8 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Биыл жалпы аумағы 12 мың гектарды құрайтын 2 жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті. Осылайша, облыс қазынасына 33 млн теңгеге жуық қаржы түсті. Бұл жоғарыда айтылған 10 еселенген салықтан түсетін қаржы.

Сондай-ақ, биыл 10 шаруашылық иесімен жерді жалға алу туралы келісім бұзылған. Ирина Микотинаның сөзінше, қазіргі уақытта 485 мың гектар аумаққа бұйрық шыққан. Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру жұмыстары жүргізілмек. Әсіресе, Уәлиханов ауданында көп жер көлемін иеленген шаруашылық субъектілері бар екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу