Соңғы бес жылда Қазақстан әскери парадтарға қанша қаражат жұмсады

921

Тиісті мәселе бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі inbusiness.kz тілшісіне түсініктеме берді.

Соңғы бес жылда Қазақстан әскери парадтарға қанша қаражат жұмсады Фото: Мария Матвиенко

Соңғы бес жылда әскери шерулер тек екі рет, 2017 және 2018 жылдары өткізілді.  Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оларды жүзеге асыруға 2 млрд теңге жұмсалған. 

"2019 жылдан бері шеру өткізілмеді. Еске салайық, 2022 жылы ел өткен қаңтардағы оқиғалар, құлдырап кеткен экономика және екі жылдағы пандемия аясында ағымдағы шығындарды ескере отырып, шеру өткізбеу туралы шешім қабылдады. Бұған дейін шеру 7 мамырда Отан қорғаушылар күні өткен болатын. Ал 9 мамырда ардагерлерге құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары қойылды, мерекелік концерттер ұйымдастырылды.  Биыл ардагерлерге төленетін төлемдердің әрқайсысы 1 млн теңгені құрады", – деп атап өтті ведомствода. 

Алайда 2021 жылғы атаулы қаржылық қолдауға жұмсалған шығындар "салтанатты" шығыстардан екі есе көп, атап айтқанда 5,4 млрд теңгені құрады. 

Жеңіс күнінің 77 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленді.

Ұлы Отан соғысы (ҰОС) ардагерлерінен басқа біржолғы төлемдерді: концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, қоршауда қалған Ленинград тұрғындары, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері және соғыс жылдарында тылда еңбек еткендер алды. Бүгінде Қазақстанда 381 ҰОС ардагері мен Ұлы Жеңіске үлес қосқан 97 758 адам тұрады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, бүгінде зейнетақыны есепке алғанда алынған ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің орташа жалпы сомасы:
 - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға – 193 714 теңге (289 адам);
 - Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне – 201 615 теңге (98 адам);
 - басқа мемлекеттердің аумағында (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Мысыр, Иракта және т.б.) әскери қимылдарға қатысқан ардагерлерге - 205 041 теңге (24 943 адам);
 - Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға – 161 174 теңге (3 886 адам);
 - Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – 124 409 теңге (14 780 адам);
 - Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне – 132 060 теңге (69 248 адам).
Сонымен қатар, ардагерлерге Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы мамандандырылған ауруханаларда тегін медициналық көмек көрсетіліп, санаториялық-курорттық емделуде.  

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджет есебінен және демеушілік қаражатты тарта отырып, қиын өмірлік жағдайда материалдық көмек түрінде әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Мәселен, 84 ардагердің тұрғын үйлерін жөндеуге 21,1 млн теңге бөлінді; отынмен қамтамасыз ету – 622 адам, 13,7 млн теңге сомасында;  қоғамдық көлікте жүру бойынша жеңілдіктер – 7430 адам, 45,3 млн теңгеге;  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – 1796 адам 56,6 млн теңгеге;  тіс протездеу – 848 адам, 68,8 млн теңгеге және т.б.
 
Биыл "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы аясында Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарының мерзімін 1991 жылдың соңына дейін ұзартуды жоспарлады. Нәтижесінде ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан тағы 593 әскери қызметкер ардагер мәртебесін алады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу