"Қазақстандағы "Спутник V" вакцинасы 2 компонентін толық алған жағдайда ағзаны вирустан жақсы қорғай алады. Сыңар компонентін емес, қос компонентін бірдей алу маңызды. Басқа мемлекеттерде аденовирустық вакциналар дельта-вирустан екі компонентін бірдей алғанда тиімді қорғай алатынын көрсетіп отыр. Мен елімізде салынып жатқан вакциналар "дельта+" штамынан да қорғай алады деп топшылап отырмын. "Спутник V" вакцинасы да аденовирустық екпе болғандықтан, оны да дельта штамынан қорғайды деп айтуға болады", – деді Алмаз Шарман.
Иммунологтың айтуынша, Қазақстандағы вакциналар инактивтендірілген екпеге жатады.
"Бұл санатқа Sinopharm, Sinovac сияқты вакциналар енеді. Мен QazVac-ты да осы қатарға қосар едім. Бұл екпелер көбінесе қайғылы жағдайдан қорғауға бағытталған. Яғни ауыр жағдайдағы науқастарды жақсы қорғайды. Бұл екпелер вирус жұқтырудан азырақ қорғағанымен, жансақтау бөлімі мен жасанды өкпе аппаратына қосылудың алдын алады. Аталған вакциналардың осы қасиеттері дельта штамына да дәл осылай әсер етеді деп есептеймін. "Дельта+" штамы туралы естіп жатырмыз. Бірақ оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлі ресми растамағандықтан, әзірге дельта штамы деп жалпы атаумен қарау жөн деп ойлаймын", – деді маман.
Қанат Махамбет