Стартап компаниялар жобаларын инвесторға тікелей ұсынады

1295

Қазақстанда Seedstars Sammit CEE кәсіпкерлік саммит өтеді.

Стартап компаниялар жобаларын инвесторға тікелей ұсынады

Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерін аралап, үздік стартаптарға арналған Seedstars Sammit CEE 2019 саммиті биыл қараша айының 20-22 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады.

Саммитке әлемнің 20 елінен екі жүзден астам маман қатысады деп күтілуде. Жиын қорытындысы бойынша ең үздік кәсіпорын Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Seedstars Summit 2020-ға қатысу мүмкіндігін алады. Лозаннада стартапшылар үшін 500 мың АҚШ долларына дейін акционерлік капиталға инвестиция ұтып алу мүмкіндік туады.
"Астана Innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Қалдыбаевтің айтуынша, бұндай шара ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізілгелі отыр.

"Нұр-Сұлтан қаласы ТМД елдері аумағында Seedstars CEE саммитін өткізетін алғашқы ел. Осындай алаңның ұйымдастырылуы  – қазақстандық стартапшылар үшін таптырмас мүмкіндік. Әлемнің көптеген елінен инвесторлар келеді. Олармен бірқатар кездесу ұйымдастырылып, қазақстандық стартапшылардың өнімдері таныстырылады. Сондай-ақ, жарып шығар технологиялар, стартаптар, соңғы трендтер мен қызықты желілік мүмкіндіктер жайлы шабыттандыратын әңгімелер айтылады. Біздің мамандар халықаралық қоғамдастықпен байланысын нығайта түседі", – деді "Астана Innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Саммит қатысушыларының алдында ІТ-Amazon (АҚШ) директоры Ричард Пол Готье, ChocoFamily (Қазақстан) тең құрылтайшысы Рамиль Мухоряпов, EFMA-дегі жасанды интеллект жөніндегі аға кеңесші, әрі Google Developers (Польша) өнімдер бойынша жетекші тәлімгері Рудрадеб Митра сынды танымал тұлғалар сөз сөйлейді. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу