Стати Люксембург сотының шешімі туралы пікір білдірді

815

Әділет минстрлігі Люксембуртегі істің қосымша қырларын жариялады. 

Стати Люксембург сотының шешімі туралы пікір білдірді

Стати тобы Қазақстаннан 545 млн доллар өндіріп алу үмітінен бас тартпайды, - деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бұған дейін Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Люксембургтегі Кассациялық сот апеляциялық соттың Стати пайдасына шығарған шешімін кері қайтарғаны туралы мәлімет таратқан болатын.

"Енді, кассациялық соттың осы іс бойынша жақында қабылдаған шешімінен кейін, Статидің төрелік шешімге Люксембургте мүлдем құқықтық негіздері жоқ. Люксембургте бұған дейін өткен істерде Стати тарабы KPMG хаттары сияқты дәлелдемелерді барынша жасырып баққан. Ал бүгінде KPMG мен Стати арасындағы 2016 жылғы хат-хабарлардың табылғаны айқын болды. Бұл хат-хабарлар Статидің Қазақстанға салған инвестициялары туралы бухгалтерлік ақпараттың дәлдігі мен заңдылығына күмән туғызады. Осы уәждер мен дәйектердің бәрі Люксембург апелляциялық сотына ұсынылады", – деп жазылған еді ресми мәліметте.

Министрлік сол ақпаратты қосымша деректермен толықтырып, жаңа баспасөз-релиз жариялап отыр. Нақтырақ айтсақ, Люксембург кассациялық сотының шешімі туралы Статитдің мәлімдемесінен үзінді берілген.

"Анатол Стати өз мәлімдемесінде бұл шешім "таза техникалық негіз бойынша" қабылданғанын және Қазақстан тарабының айыбы негізді дегенді білдірмейтінін айтып бағуда. Ол Люксембургте қазақстандық активтерді бұғаттау туралы қаулылардың күшінде қалатынын атап өтті", - деп жазады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Оған қоса Қазақстанның 545 млн доллар көлеміндегі түпкілікті төлем міндеттемелері екі рет Швецияның Жоғарғы сотында қолдау тапқан және күшінде қалады. Люксембург сотының бүгінгі шешімінің оған әсері жоқ". 

Бұл – Анатол Статидің уәжі. Министрліктің пайымынша, 545 млн доллар деген сома қосымша пайыыздардың есебінен шығып отыр. Әйтпесе, бұған дейін 506,7 млн доллардың төңірегінде жүріп жатқаны туралы айтылған болатын. 

"Стати тобының Швециядағы трибуналда  жеңіске жетуіне Қазақстанның 2010 жылы қарсы тарап компаниясының мұнай оепарицяларын тәркілеуі себеп болған. Стати 2013 жылы халықаралық трибуналдың төрелік шешімі бойынша 506,7 млн доллар көлемінде жеңіске жетті. Бұған Қазақстанда тоқтатылған мұнай операцияларының пайыздары да қосылды. Швецияда төрелік шешімді кері қайтару әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін Қазақстан бұл шешім ықтимал алаяқтық салдарынан заңдық күшке ие болғанын мәлімдеген", - деп жазады ведомство.

Министрліктің дерегі бойынша, бұл істе Қазақстан тарабына Президент, Премьер-министр, Әділет министрлігі және ҚР Жоғарғы сотының сот қызметін қамтамасыз ету департаменті өкілдік етуде. 

"Статидің қорғаушысы туралы мәлімет сейсенбідегі жағдай бойынша белгісіз. Қазақстан мен Стати тобының арасындағы Люксембург Ұлы герцогтігінің  Кассациялық сотындағы істің нөмірі: CAS-2020-00040", деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу