Студенттерге арналған "Биржалық серпін" жобасы жұмысын бастады

849

Студенттерге арналған "Биржалық серпін" жобасы жұмысын бастады

Қазақстан студенттері қор биржасында тәжірибе жинайды. Еліміздегі жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген мыңдаған жас 1 ай бойы құнды қағаздарды тиімді сату және сатып алуды үйренеді, деп хабарлайды 24.kz.

Ол үшін Қазақстан қор биржасының қаржы жүйесінде  арнайы оқу алаңы жасалған. Сарапшылардың айтуынша, бұл жүйе қор нарығындағы шынайы жұмысқа негізделіп жасалған. Акциялар мен облигациялардың құны мен саудасының қалай өтіп жатқаны көрсетіліп тұрады.

Тек жобаға қатысушы студенттердің қаражаты ғана виртуалды. Қаржы жүйесінің қыр-сырына үңіліп, оқып, мол табысқа жеткен студенттерге ақшалай сыйақы беріледі.

"Үздіктер Қазақстан қор нарығында және брокерлік компанияларда тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Сөйтіп болашақта олар мамандығын осы саламен байланыстыруы мүмкін", – дейді жобаны ұйымдастырушылар.

"Тәжірибе нәтижесін берді. Мысалы осы жобаның бір жеңімпазы қазір бізде жұмыс істейді. Ал кейбірі брокерлік компаниялардан жұмыс тапқан. Мұндай жоба Астанада да қолға алынды. Ал өткен жылы 3-орын алған студент қыз қазір биржада айтарлықтай табыс тауып жүр", – дейді Қазақстан қор биржасының басқарушы директоры Евгений Мұхамеджанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу