Су дағдарысы: Орталық Азия Ауғанстанмен келіссөздер жүргізуі тиіс

510

Тәліптер Амударияда ұзындығы 300-шақырымға жететін, тереңдігі 8,5 метрлік канал салып жатыр.

Су дағдарысы: Орталық Азия Ауғанстанмен келіссөздер жүргізуі тиіс Фото: dnpmag.com

Орталық Азия құрғақшылықтың шақ алдында тұр. Су тапшылығы ушықпай тұрғанда Ауғанстанмен келіссөздер керек дейді, мамандар. Өйткені қазір, тәліптер өңірге ортақ Амударияны ешқандай халықаралық келісімсіз пайдаланып отыр. Су дағдарысына тап болған өңір елдеріне енді не істемек керек? 

БҰҰ мәліметінше жаһандық жылыну осы қалпымен жалғаса берсе, өңірді сумен қамтып отырған Сырдария мен Амударияның көлемі 15 пайызға азаяды. Салдарынан ауыз су тапшылығы туындап, егін 40 процентке дейін түседі деген қауіп бар.

"Өзбекстандағы су ресурстары ұтымсыз пайдаланылып жатыр. Қалалар улы шаңға оранып, біртіндеп шөлге айнылып барады. Егер бұл процестер тоқтамаса, Өзбекстанның 35 миллионнан астам тұрғыны экологиялық апатқа ұшырайды", – дейді Еуропарламент депутаты Виола фон Крамон. 

Халықарлық зерттеулерге сай Орталық Азия суды ең тиімсіз пайдаланатын аймақ. Мәселен, Тәжікстан құс фабрикаларына әлемдік стандарттан 61 пайызға көбірек су құртады. Ал, Түркіменстан мақта өсіруде Қытайға қарағанда 42 проценке артық су жұмсайды. Енді аймақ елдері трансшекаралық суларды бөлісуде "Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмейтіндей" жаңа нормативтік актілер қарастыруы керек.

"Екі елдің парламенті су тапшылығы мен траншекаралық суларға қатысты біраз нормативтік акт қабылдауы керек. Бұл мәселеде бізге бірге қимылдағын дұрыс. Сондықтан парламенттік дипломатияның көмегімен ағыстың басында тұрған елдермен бірге жұмыс істеуіміз керек", – деді ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов.

Ағыстың басындағы елдің бірі Қырғызстан. Мұнда ескі құбырлардың кесірінен судың жартысы далаға ағып жатыр. Жаз түскелі көршімізден келісілген көлемді ала алмай әлек болдық. Бүгін ғана екі ай су жіберілмеген Киров қоймасынан Жамбылға қайта су жөнелтіле бастады. 

"Иә, Қырғызстан су бастауында тұр. Бірақ бізде де су тапшылығы болып жатыр. Бұл мәселеге кеңінен қарау керек. Климат жылдан-жылға өзгеріп барады. Оған қарамастан біз жақын көршілерімізгіе көмектесуге барымызды саламыз. Өзіміздің барлық міндеттемелерімізді орындауға тырысып жүрміз", – деді Қырғыз Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Муса Джаманбаев.

Онсызда күрделі жағдайды Ауғанстан ушықтырып отыр. Тәліптер өңірдегі ең ірі өзен Амударияда ұзындығы 300-шақырымға жететін, тереңдігі 8,5 метрлік канал салып жатыр. Алайда Ауғанстан Орталық Азияның бестігі қабылдаған Алматы келісіміне де, БҰҰ конвенциясына да қосылмаған. Қосылатын заңдық күші де жоқ. Енді сарапшылар, мәселені шешу үшін Орталық Азия елдері бірлескен жұмыс тобын құрып, Ауғанстанмен диалогқа шығуы керек дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу