Сырдария ауданының әкімі тағайындалды

1125

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігі мен Сырдария аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Сырдария ауданының әкімі лауазымына Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы тағайындалды.

Сырдария ауданының әкімі тағайындалды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Талғат Дүйсебаев 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институтын "бухгалтер-экономист", Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жалағаш аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтырушы ретінде бастаған.

1994-2004 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің есепшісі, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторының бас маманы.
2004-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болды.

2011-2017 жылдары - Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жалағаш ауданының әкімі ретінде қызмет атқарды.

2017 жылдан бастап, осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу