Ақтөбе облысының Темір ауданында төбешіктен сырғанақ теуіп жүрген 5 жасар бала жазым болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
"Сағат 11.00 шамасында 2014 жылы туған бала үйінің жанында төбешіктен сырғанақ теуіп жүріп, "Камаздың" астына түсіп кеткен. Жүк көлігі сол тұстан өтіп бара жатқан", – делінген департаменттің дерегінде.
Бала өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу