"Сыртқа заңсыз шығарылған 1 млрд долларды елге қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр"

690

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сыртқа заңсыз шығарылды деген күдікке ілінген 1 млрд доллар көлеміндегі қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Сыртқа заңсыз шығарылған 1 млрд долларды елге қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр"

"Қаржы министрлігі тарапынан Ұлттық банкпен алдында айтылған статистикалық ақпараттың бәрін зерттеп, сараптағанбыз. Соның нәтижесінде Қаржы қадағалау агенттігіне 8 іс бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына жуық заңбұзушылық деп тапқан, тәуекелі бар істерді берген болатынбыз. Олар қазір тергеу жұмыстарын  жүргізіп жатыр. Бас прокуратураның тарапынан 20-дан астам құқықбұзушылыққа байланысты іс қозғалған болатын. Сол қозғалған істер бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына болжанып отыр. Бірақ нақтылай ақпаратты, қай кездегі немесе қандай субьектілер бойынша екенін құқық қорғау органдарынан алу керек", – деді министр.

Еске салсақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан аумағынан заңсыз шығарылған капитал 100 млрд доллардан асуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу