Тайландтық қыз Маңғыстауға келін атанды

707

Маңғыстау облысына келін болып түскен Ихва есімді Тай елінің тумасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.  

Тайландтық қыз Маңғыстауға келін атанды Фото: А. Садатқызы

Ихваға салт-дәстүрге сай  құда түсіп, сырға салу жоралғысы жасалған. Маңғыстаулықтар тайландтық  құда-жегжатқа лайықты құрмет көрсетіп, келісімін алған.

Бөтен ұлттан келін аламын деп мүлдем ойламаған олар бастапқыда ұлының бұл шешіміне бой үйрете алмаған. Алайда жылы жүзді әрі елгезек Ихва жаңа отбасымен тез тіл табысып, бірден баурап алған. Мирастың жеңгесі Анар Сисенованың айтуынша, Мирас пен Ихва ғаламтор желісі арқылы танысқан.

“Біршама уақыт өткен соң, танысып-білісіп, қазан айында үйленетінін айтты. Баршамыз таңырқап қалдық. Өзінің қалауы болған соң, келісім бердік. Қазақтың салт-дәстүріне сай, жөн-жоралғысын орындап қызды алып қайттық. Тай елінде қыздың артынан еріп келу дәстүрі болмағандықтан, құдалар өз елінде қалды. Тайландтың біздің салт-дәстүрімізден тағы бір ерекшелігі құдаларына қымбат кәдесыйлар береді”, - деді Анар Сисенова.

Сондай-ақ, жас келін Қазақстанның өз елінен біршама айырмашылықтарын атап өтті.

“Қазақстан мен Тайланд елдерінің айырмашылығы өте көп. Адамдары, ауа райы, ұлттық киімдері мен салт-дәстүрі өзгеше. Сонымен қатар ұлттық тағамдарында да айырмашылық көп.  Тайландта басым көпшілігі күріш пен ащы тағамдарды жейді. Ал мұнда қазақтың ұлттық тағамдарын көріп таңқалдым”, - деді Ихва.

Сонымен қатар, Ихваның отбасы Мирасты жылы қабылдағанын тілге тиек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу