Су қоймасындағы тазалау жұмыстары толығымен жағымсыз иісті жойып, аққулар мекеніне айналды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталығына коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Талдыкөлді тазалау жобасы ерекше тәжірибе болды, деп санайды басқарма мамандары. Алғаш рет елімізде жағымсыз иісі бар көл кіршіксіз тазаланып, құстар қайтып оралған орынға айналды.
Қазақстан ТМД елдері ішінде ағынды суларды тазалау бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді қолданған алғашқы ел.
Су тазалаудың классикалық технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады: механикалық, биологиялық, флотофильтрация, ультракүлгін, залалсыздандыру. Мөлдір залалсыздандырылған су Есілге құйылады.
Жер жұмыстары мен су түбіндегі сазды сору жұмыстарын коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен "Алсим Аларко" ЖШС жүргізуде.
Екі жыл бұрын Талдыкөлге қалдық суларды құю тоқтатылды. Елорда басшылығы аумақты қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстарын бастап, ағынды су жинақтаушыны ретке келтіру мәселесін шешті.
Жер жұмыстары 3 кезеңмен жүргізілуде. Бес балшық сорғыш кеме түбін тереңдету жұмыстарын жүзеге асыруда. Қазіргі таңда көл түбінен алынған құрғатылған соркәдімгі топырақпен араластырылып, қайта қалпына келтіру жұмыстарына пайдаланылуда,
Қазір көл көлемінің табиғи шекарасын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде, су айдынының ауданы 2 мыңнан 450 гектарға дейін кішірейеді .
Екі жылдан кейін ағынды су ауданын көріктендіру және аббатандыру жоспарланған. Бұл Талдыкөлді тұрғындардың уақытын өткізетін орынға айналдырады.