Тамыз айында іскерлік белсенділік индексі қандай болды

688

Шикізат пен материалдарды жеткізудегі ұзақ мерзімдер мен жекелеген секторларда жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуі – нақты секторда іскерлік белсенділікті тежеп отыр, деп жазады inbusiness.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тамыз айында іскерлік белсенділік индексі қандай болды

Іскерлік белсенділік индексі тамызда 47,8-ге дейін (шілдеде – 48,0) төмендеген.

"Қызмет көрсету секторында индекстің мәні өзгерген жоқ – 48,8. Өндірісте (шілдедегі 48,5-тен) 48,7-ге дейін біршама жақсару үрдісі байқалады, қалған секторларда: тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 44,9-ға дейін, құрылыста – 45,7-ге дейін индекс, керісінше, төмендеген", – деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк хабарламасына сүйенсек, тамызда кәсіпорындардың ағымдағы бизнес-жағдайларды бағалауы (-) 3,2-ға дейін шілдедегі (-) 5,8-ден аздап жақсарған. Дегенмен осыған қарамастан, теріс күйінде қалған.

"Алдағы 6 айға арналған болашақ бизнес-жағдайларды бағалау да біршама жақсарды – 17,4 (шілдеде – 16,8). Нәтижесінде, қазіргі және болашақ бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 6,8-ге (шілдеде – 5,2) ұлғайды", – делінген хабарламада.

Өткен айда бизнес-жағдайлардың барлық факторын бағалау бойынша жауаптар теріс болған.

"Осыған қарамастан, коммуникацияларға қолжеткізуді, салықтық жүктемені және бизнесті қорғау мәселелерін бағалау, тиісінше, (-) 3,3, (-) 4,2 және (-) 4,4 дейін жақсарғаны байқалды", – дейді қаржы реттеушісінің баспасөз қызметінен.

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, тау-кен өндіру өнеркәсібінде сұраныс төмендеген, қалған секторларда сұраныс жоғары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу