Тараздық 135 отбасыға пәтер кілттері табысталды

1488

Өткен жылы қалада екі мыңға жуық пәтер берілген болатын.

Тараздық 135 отбасыға пәтер кілттері табысталды

Сол секілді 8 наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар тараздық отбасылар қоныс тойын тойлау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

"Бином" ЖШС салған 135 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйден баспаналы болғандардың арасында 27 жетім бала, 66 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы және 42 бюджеттік ұйым қызметкері бар.

Қоныс той иелеріне жаңа пәтерлердің кілттерін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев табыстады.

 

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын облыстың жүздеген тұрғындары жаңа пәтерлерге ие болуда. Өткен жылы Тараз қаласының тұрғындарына екі мыңға жуық пәтер берілді. Биылғы жылы біз бұл көрсеткішті арттырып, сол арқылы кезекті қысқарта түсуді жоспарлар отырмыз. Осы 15-ші шағын ауданыныңдағы оң өзгерістерге өздеріңіз куәсіздер. Жақында мұнда тағы екі мектеп, балабақша, фельдшерлік пункт, полиция бөлімшелері ашылатын болады. 8 наурыз мерекесімен мен облыс басшылығы атынан барлық аналар мен аруларды құттықтаймын. Ана – отбасының жүрегі. Сондықтан біз оларды жан-жақты қолдап, жас ұрпақты соған үйретуіміз керек, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте 30 мыңнан астам адам тұр. Өткен жылдың қорытындысымен 250 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу