Тау-кен өндірісі зауыты 200-ден аса қызметкерін қысқартпақ

1436

Зауытты модернизациялау бағдарламасынан соң көп жұмысшы қажет болмайды екен.

Тау-кен өндірісі зауыты 200-ден аса қызметкерін қысқартпақ

Шығыс Қазақстан облысындағы ірі зауыттың 200-ден астам қызметкері мәжбүрлі түрде жұмыстан босатылмақ.

Белоусовка елдімекеніндегі тау-кен өндірісі бойынша фабрика қызметкерлері қазан айының соңына дейін ғана жұмыс істейді. Зауытты модернизациялау бағдарламасы аясында енді көп жұмысшының қажеті жоқ дейді компания өкілдері. Өндірліген өнім Шемонайхадағы фабрикаға жаңа жүйе бойынша  жеткізіліп отырмақ. Тау-кен зауытында бар болғаны 20 жұмысшы ғана қалады.

Айта кету керек, дәл осы мекеме бұл ауылдағы көптеген азаматты жұмыспен қамтып отырған. Енді екі қолға бір күрек іздейтіндер саны арта түседі. Қазіргі таңда қызметкерлер жаңа жұмыс орнын қайдан табамыз деп бас қатыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу