Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлау жоспары 10 есе қысқартылды – Дәурен Абаев

3119

900 шарадан 90 шара ғана қалды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлау жоспары 10 есе қысқартылды – Дәурен Абаев Фото: inform.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 2021 жылы тәуелсіздіктің  30 жылдығы қалай тойланатынын айтты. 

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мемлекеттік органдардан  ұсыныстар жинап жатырмыз.  Қазір жоспарда 89-90 пункт тұр. Ал басында 900 пункт болған.  Яғни біз 800-ден астам түрлі шараны алып тастадық. Бір-бірін қайталайтын, басы артық шаралар бар ма деп қарадық. Қазірдің өзінде осындай маңызды жұмыс атқарып, сіз айтқандай іш пыстыратын форумдар мен сөзі көп семинарларды қысқарттық", –деді ол министрліктің кеңейтілген алқа ортысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу