Тегін жүруге арналған көлік картасын онлайн режимде рәсімдеуге болады

927

Елордалық оқушылар 28 наурыздан бастап қоғамдық көлікте жолақы төлемейді.

Тегін жүруге арналған көлік картасын онлайн режимде рәсімдеуге болады

Елордалықтар 7 наурыздан бастап балалардың атаулы көлік картасына www.transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс бере алады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қажетті құжаттар:

  • 1. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін Туу туралы куәлігі;
  • 2. Оқу орнынан анықтама;
  • 3. 3х4 сурет (ақ фонда);

16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін

  • 1. Жеке куәлігі;
  • 2.Оқу орнынан анықтама;
  • 3. 3х4 сурет;

Сайтта көлік картасын шығару үшін төлем жасауға болады. Бағасы – 400 ₸. 5 жұмыс күннің ішінде электронды поштаға картаның дайындығы туралы хабарлама келеді. Баланың атаулы көлік картасын ата-анасы Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекенжайында орналасқан орталық кассадан ала алады.

Қажетті құжаттар: ата-анасының жеке куәлігі және атаулы көлік картасы.

Жеке куәлік алған жасөспірімдер өздері алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу