TEMIRADAM TRAINING жобасының бірінші кезеңі басталды

540

Алғашқы жаттығу жарысы Қарқаралы тас жолының бойында Қосшы ауылына дейін өтті. 

TEMIRADAM TRAINING жобасының бірінші кезеңі басталды

Қазақстан триатлон федерациясы TEMIRADAM Training жобасының бірінші легін бүгін ресми түрде шығарды, деп хабарлайды Olympic.kz. Алғашқы жаттығу жарысы Қарқаралы тас жолының бойында Қосшы ауылына дейін өтті.

Дуатлон бойынша тиісті дистанцияны, нақтылап айтқанда жүгіру бойынша 5 км, 2,5 км, веложарыс бойынша 20 км қашықтықты бағындырды. Дода барысында барлық тиісті санитарлық норманы сақтап, төрт спортшыдан қатысты. 

Айта кетерлігі, триатлон федерациясы Орталық Азияны, атап айтқанда Қырғызстан мен Өзбекстанды жүріп өтетін ауқымы үлкен жарыс өткізуді жоспарлаған болатын. Шымкент-Ташкент деп аталатын триатлон жарысының бірінші кезеңі 11 сәуірде басталуы тиіс еді. Әлемдік пандемия жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізіп, кейінге шегерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу