Қазір сауда алаңында бір доллар – 382 теңге 64 тиын. Өткен жылы ең жоғары көрсеткіш қазан айының 17-сінде тіркелген еді. Ол кезде бағам – 390-нан асқан.
Естеріңізге салайын, 1994 жылдары 1 көк қағаздың құны 50 теңгеге бағаланған болатын.
Ал еуро қазір – 426 теңге 99 тиын. Байқап отырғандарыңыздай, бағам тұрақты болған жоқ. Өткен жылда ол 438-ге дейін көтерілді.
Осыдан он жыл бұрын 1 еуроны бар болғаны 136 теңге 46 тиынға алыппыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу