Атырау облысында Теңіз кенішінде болған тағы бір оқиға жөнінде ресми түрде жария етілді. Компанияның жүк көлігінің жүргізушісі мекеме қызметкерін басып кеткен, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
Қайғылы жағдай 12 маусым күні сағат 17.00 шамасында Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аймағында болады. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүк тасымалдау автокөлігінің 1987 жылғы жүргізушісі үйілген топырақтың қасында сол мекеменің 1992 жылғы қызметкерін көлікпен басып өтіп, ол оқиға орнында қаза табады. Қазіргі күні бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде ТШО компаниясының баспасөз қызметі "Теңізшевройл" ЖШС мердігерлік компаниясы "Нефтестройсервис" ЖШС (НСС) Теңіздегі құрылыс алаңында ауыр жүк көлігінің соғуы нәтижесінде олардың бір қызметкері қаза тапқаны туралы хабардар етті. ТШО басшылығы мен қызмпеткерлерінің атынан имарқұмның отбасы мен туыстарына шын жүректен және қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілді және бұдан әрі сұрақтар мердігер компанияның басшыларына және тиісті мемлекеттік органдарға жіберілуі тиіс", - деп мәлімдеді.
Құралай Қуатова