Тірі кезінде ағза донорлығына келісім беретіндер неге аз?

1103

Бір жыл бұрын елімізде адам тірі кезінде ағза донорлығына келісім беретін денсаулық туралы кодексі қабылданды. Оның басты мақсаты – бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе сияқты ағзаларға он жылдап кезек күтетін сырқат жандарға жәрдемдесу еді. 

Тірі кезінде ағза донорлығына келісім беретіндер неге аз?

Алайда дау-дамаймен қабылданған құжат бір жарым жыл өтсе де нәтиже бермеді, деп хабарлайды Atameken Business.

АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ КҮРТ АЗАЙДЫ.ҮКІМЕТ МӘСЕЛЕНІ ҚАЛАЙ ШЕШЕДІ?

Осы мәселе кеше Парламентте көтерілді. Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова трансплантологиялық қызметті сынап, отаның азайып, науқастардың көбеюінің себептерін атады. Сөзінше "Трансплантологияның дамуын тежейтін негізгі себептер –қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, донорлық стационарлардың материалдық-техникалық базасының төмендігі, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтық тұрғыда қорғалмағаны жатады". Сондықтан Трансплантация қызметін көп күттірмей дамыту керектігін айтты. Жағдай жақсарудың орнына неге кері кетіп барады? Дәл қазір бұл сұрақтардың жауабын сала мамандарынан білеміз...

Сәуле Шайсұлтанова (Талғатқызы) – "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ Трансплантацияны үйлестіру бөлімінің үйлестірушісі.

Назира Жанғұттиева (Абдулхаимқызы) – Бүйрек донорына кезекте тұрған науқастың туысы.

Рахымжан Үмбетжан (Жолдыбекұлы) – 1-санатты Дәрігер трансплантолог

(Шымкент қалалық №1 қалалық клиникалық ауруханасы гепатопанкреатобилиарлық хирургия және бауыр мен бүйрек трансплантациясы бөлімі).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу